jasqazaq.kz

Ернін шаңсорғышпен үлкейтпек болған (видео)

17 ақпан 2017, 11:13

Соңғы кездері үлбіреген үлкен еріндер жастар арасында сәнге айналғаны белгілі. Кейбіреулер бұл үшін арнайы пластикалық ота жасатып жатады, ал кейбір бойжеткендер денсаулыққа қауіпті жолдармен мақсатына қол жеткізуге тырысып бағады.

«Сұлулық құрбандық етуді талап етеді» (Красота требует жертв) деген сөз бар. Алайда, тек бұл жолы емес.

reactor.inform.kz хабарлағандай, біздің бүгінгі кейіпкеріміз ақша шығарып шығынданбай, оңай жолмен ернін үлкейтудің жаңа тәсілін ойлап табуға тырысқан.

Ресейдің Дондағы Ростов (Ростов-на-Дону) қаласының 19 жастағы тұрғыны өз ернін шаңсорғыштың көмегімен үлкейтуге әрекеттенген.

Бойжеткен шаңсорғышты іске қосып, оның құбырына ернін ыңғайлап орналастырып, бір минут бойы ұстап тұрған. Жанына батқан ауырсынуды сезінген ол тез арада техниканы өшірген. Ал, нәтижесінде ол өзі күткеннен де асып түсетін үлкен еріндерге қол жеткізген.

Айнадан өзінің ісіп кеткен еріндерін көрген ару тез арада жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер еріндердің іскенін растап, диагноз қойған. Алайда, бойжеткен ауруханаға барудан бас тартқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде