jasqazaq.kz

Ернардың басынан өткен ауыр апатты есіне алған ағасы көз жасын тыя алмады

28 сәуiр 2017, 16:43

Жол апатына түсіп, дүйім жұрт өмірі үшін алаңдаған Ернар Айдар бүгінде ауруханадан шығып, деенсаулығын қалпына келтіруде. Оның басынан өткен азапты күндерін есіне алған оның ағасы әрі продюсері Талғат эфирде көз жасын тыя алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

«Түлкібастан концерттен Алматыға қайтып келе жатқанбыз. Рөлде мен болғанмын. Жылдамдықты асырып жібергенім де бар. Тараз қаласынан өткеннен соң Құлан ауылына жетпей жол апаты болды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тізгінді ұстай алмай қалдым», — деген ол Ернардың амандығын тілеген барлық жандарға алғыс айтты.

«Қазақ халқына, қазақ еліне, баршаңызға рахмет. Ернар үшін күйіп жандыңыздар, ағаларымыз, әпкелеріміз, іні-қарындастарымыз барлығыңызға рахмет. Алланың арқасында, халықтың арқасында аман қалды. Аман болыңыздар», — деген Талғат көз жасын жасыра алмады.

Ал Ернардың денсаулығына жауапты дәрігер нейрохирург Нұржан Әжібековтің айтуынша, оның жұлын-ми омыртқасына күрделі ота жасалған. Енді әнші қалпына келу үшін жарты жылдай уақыт қажет болмақ.

«Ернарға отыруға болмайды. Тек тұруға, жүруге ғана болады», — деп атап өтті ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде