jasqazaq.kz

Ернар Айдар: Киімді “барахолкадан” да ала беремін

19 ақпан 2017, 17:55

Еліміздегі танымал “хитмендердің” бірі Ернар Айдар өнерімен ғана емес, өзіндік киіну стилімен дараланады. Ол сахналық костюмдерін арнайы тапсырыспен тіктіреді. Ал күнделікті киетін киімдерін қарапайым дүкендерден, тіпті, базардан ала береді. Бұл туралы әнші КТК арнасының “Басты рөлде” бағдарламасында айтып берді.

“Жалпы ән кештерге костюмдерді арнайы тапсырыспен тіктіртемін. Соған тыңдармандарды үйретіп қойғанбыз ба, арнайы тіктірмей барсаң қабылдамай, «еңбектенбепті ғой» деп қарап тұрғандай боп қалады. Өзім костюм тіктірткенді жақсы көремін, бұл да бір естелік болып қалады ғой.

Күнделікті өмірде барынша Алматыдан киінемін. Алдыңғы жылы Дубайдан біраз киім алғанбыз. Бірақ ондағы киімдер онша ұнамады. Керек болса барахолкаға да барамын. Себебі барахолкада заттар бар, аяқ киім болады мысалы үшін. Мейлі арзан болса да, ол сенің киіміңе үйлесіп тұрады да, халыққа жағымды, сүйкімді көрінесің. Ең бастысы сол. Себебі біз бір киімді көп кимейміз. Мысалы бір костюмді әрі кетсе үш рет киесің, содан кейін басқасын тіктіру керек, ал енді ондай ақша күнде бола бермейді”, – дейді әнші.

Бірнеше рет киілген киімдерін әнші іні-бауырларына, ара-тұра тыңдармандарына сыйлайды екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде