
Жол-көлік оқиғасына ұшырап, жансақтау бөліміне түскен Ернар Айдар есін жиып, өзінің амандығын тілеп, дұға қылған тыңдармандарына алғыс айтты. Бұл туралы әнші өзінің «инстаграм» парақшасында хабарлады.
«Қадірменді дос-бауырлар, оқырман қауым! Маған тілеулес әрі дұғада болған әрбір жанға Алланың нұры жаусын! Сіздердің арқаларыңызда болар осылай тез сауығып келе жатқаным.
Жаратқан ием алып та сынайды, беріп те сынайды. Дегенмен, қиындықтың бәрі артта, жағдайым бірқалыпты, жақсаруда! Аллаға шүкір! Барымызды бағалайық, қайда жүрсек те, асықпай жүріп анық басайық, қазағым», – деп жазды әнші.