jasqazaq.kz

Ермұрат Бапи туды қорлағандардың ар жағында әлдебір күштердің тұрғанын айтты

02 сәуiр 2025, 14:09

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бас прокурор Берік Асыловтың атына депутаттық сауал жолдап, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік танытқандарға жазаны күшейтуді талап етті, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Депутат: «Бет-аузын тұмшалап, қара жамылған төрт әйел мұз айдынында өткен спорттық жарыс кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын ұстап түскен сурет әлеуметтік желілерге кеңінен тарап кетті. Олардың қолындағы мемлекеттік тудың бетіне араб жазуы мен араби қылыштың сұлба-суреті салынған. Мұнда біздің назарымызды аударған – көк тудағы араб қарпіндегі жазудың өте сапалы түрде, арнайы баспа құралымен таңбалануы. Демек бұл жай ғана тұрмыстық бұзақылық, әдепсіз шектен шығушылық қана емес. Бұл – біздің қоғамымызға, мемлекеттігімізге, ұлттық дәстүріміз бен бірегейлігімізге жасалған ашық және нақақ қарсылық», — дейді.

Ермұрат Бапи елдің туын бүлдіру арқылы жат пиғылды дәріптемек болған бұл төрт қыз әлдебір арандатушы топтың құрбаны болуы мүмкін деген пікірде. «Олар жастық алаңғасырлықпен, әлде материалдық қызығушылықпен немесе діни сауатсыздықпен жасаған бұл өрескел заң бұзушылықтың тасасында тұрған әлдебір кереғар күштер бар сияқты. Міне, әкімшілік тұрғыдағы жазасын алған төрт қыздан бұрын, осы қылмысты әрекетті ұйымдастырушылар жазаға тартылуы тиіс», — деді депутат.

Бапи туға тапсырыс бергендерді де тауып, жауапқа тарту керектігін айтты.

JQ-Aqparat

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды