jasqazaq.kz

Ерлі-зайыптылар ДНК сараптамасынан кейін егіз екендерін білген

17 сәуiр 2017, 18:39

АҚШ-тың Миссисипи штатында ерекше оқиға болды. Дәрігерге жүктілік бойынша ДНҚ талдауына қан тапсырған ерлі-зайыптының егіз екендігі ортаға шықты. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады.

Дәрігерлер жұпқа қатысты мәліметтерді жария етуден бас тартып отыр. Белгілісі ағалы-қарындас сәби күндерінде әке-шешесі жол апатынан қаза тапқаннан кейін бір-бірінен көз жазып қалған. Кейін оларды екі бөлек отбасы асырап алған екен. Ал балалар өздерінің сыңары бар екенінен тіптен бейхабар болып шықты. Есейген соң колледжде оқып жүргендерінде танысып, бір-біріне ғашық болады. Кейін үйленуге шешім қабылдайды. ДНҚ сараптамасын жасаған дәрігер еңбек тәжірибесінде мұндай оқиғамен алғаш кездесіп отырғанын айтады.

«Оларды бір-біріне деген ұқсастық жақындата түсірген. Олар қосылатындарын сезген. Егер олар сол кезде шындықты білгенде, мұндай ауыртпалыққа душар болмас па еді…», — дейді тілшілермен тілдескен дәрігер.

Айта кетейік, Миссисипи штатында туған-туыстарға үйлену заңмен қудаланады. Ал аға мен қарындастың некелескені үшін жұбайлар тіптен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Алайда мұндай ерекше жағдайды ескерген құқық қорғау органдары оларға кінә таққан жоқ.

alashainasy.kz

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді