jasqazaq.kz

Ерлан Ыдырысов: ЭКСПО аумағындағы оқиға көрме имиджіне әсер етпейді

17 қараша 2016, 13:36

 

20161116164811

ҚазАқпарат — ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов БАҚ өкілдерін кеше ЭКСПО аумағында болған оқиғаны дүрліктірмеуге шақырды. Бұл жайында ол бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап беру кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жағдай имиджге ешқандай әсер етпейді. Осы ретте барлығы тиісті түсініктемені берді. Бұл тақырыпты дүрліктірудің қажеті жоқ. Барлық жұмыстар жоспарлы жүргізіліп келеді»,-деді министр. Бұл тұрғыда ол құрылыс барысында бұндай жағдайлар болып тұратынын жеткізді. Е. Ыдырысов осы жағдайға шұғыл әрекет жасалғанына және ең бастысы  адамдар құрбан болмағанына тоқтала келе: «Атап айтқанда, құрылыс нысандары дер кезінде тапсырылады және ЭКСПО бойынша барлық мақсаттар орындалады», — деді. Айта кетейік, күні кеше Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі алаңында бір ғимараттың алаңындағы көпір қақ ортасынан опырылылып түсті. ЭКСПО-ның баспасөз қызметі іле-шала апатқа BI Group компаниясының жауапты екенін мәлімдеді. Ал құрылыс компаниясының өзі құлаған конструкцияның декоративті екенін жеткізіп, тиісті сараптамадан кейін xалықты құлағдар етуге уәде етті.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде