jasqazaq.kz

Ерлан Стамбеков: 21 жасқа толмағандарға несие бермеу керек

04 қазан 2023, 16:08

Депутат Ерлан Стамбеков банк ұйымдары несиені 21 жасқа толмағандарға бермеуді ұсынды. Сондай-ақ ол несие берілмес бұрын адамның қаржылық сауатын тексеру қажет деп санайды.

Депутат өзінің депутаттық сауалында несиенің көлемі мен мерзіміне әсер ететін қаржы сауатын бағалау жүйесін енгізуді ұсынды.

Ол Ұлттық банкінің дерегін келтірді. 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың мерзімі өткен берешегі 823,1 млрд теңге болған. Оның ішінде 90 күннен астам төлем жасалмағандардың берешегі 419,2 млрд теңге. Ал екінші деңгейлі банктердің несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектің жалпы көлемінің үлесі — 29%. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш қазірдің өзінде 1,1 триллион теңгеден асады, оның ішінде 90 күннен астам төлемі болмаған берешегі 570 миллиард теңгеге дейін өсті. Ал екінші деңгейлі банктердің портфеліндегі мерзімі өткен берешектің жалпы сомасының үлесі 62%-ға дейін өскенін мәлімдеді.

«Білім беру жүйесіндегі тиісті министрліктер ретінде халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесіне атсалысуларыңызды ұсынамын. Білім беру ұйымдарының қабырғасында қаржылай және құқықтық сауат бойынша білімді алу және бағалау жүйесін қамтитын, сонымен қатар талдауға және одан әрі ұсыныстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін қаржылай және құқықтық сауатты оқытудың бірыңғай әдістемесін әзірлеу және Қазақстанның ересек тұрғындарының қаржылай және құқықтық сауатын арттыруға әсер ететін процестерді түзету маңызды», — деді депутат Ерлан Стамбеков.

Депутат несиенің көлемі мен мерзіміне әсер ететін алған білімді бағалау жүйесін енгізу керек деп санайды. Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған тұлғаларға несие беруге тыйым салу керектігін де жеткізді.

«Осыған орай, ғылым және жоғары білім министрлігі мен оқу-ағарту министрлігіне білім беру жүйесінде қаржылай және құқықтық сауатты оқытудың бірыңғай мемлекеттік білім беру стандартын әзірлеу мәселесін қарастыруды ұсынамыз. «ҚР парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 27-бабына сай, қарау нәтижелері туралы заңда белгіленген мерзімде депутаттық сауал және оларды орындау бойынша қабылданған шаралар туралы жазбаша жауап беруіңізді сұраймын»,-деді Ерлан Стамбеков.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры