jasqazaq.kz

Ерлан Нысанбаев: Браконьерлердің киіктерді атуы тыйылар емес

29 қараша 2016, 12:29

kiik

2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді.  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау, олардың санын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алаңдатушылық тудыратын басты нысандардың бірі жабайы дала антилопасының бірегей түрі киіктер болып отыр. Бұл жануарлардың дүниежүзілік таралымының 95 пайызы  Қазақстан аумағында мекендейді. Киіктерді қорғаудың нәтижесінде олардың саны 21 мың бастан 295 мың басқа дейін көбейген болатын. Бірақ, өкінішке орай, 2015 жылы киіктердің қырылып қалуы орын алып, үстіміздегі жылы есепке алу қорытындылары бойынша, олардың  саны шамамен 108 мың басты құрайды. Қырылу себебі  жұқпалы ауру — пастереллез. Жаппай өлім-жітімге ұшыраудың мұндай фактісі бұрын да орын алған», — деді вице-министр. Оның атап өтуінше, киіктер санының азаюына брокенерлік те әсер етіп отыр. «2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді. Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғаумен «Аңшылықзооөнеркәсіп»  ұйымы айналысады. Мониторинг ұйымдастыру және киіктерді спутниктік радиомаяктармен таңбалау пайдаланылады. Қорғау шараларын ұйымдастыру инспекторлардың көліктерінде орнатылған спутниктермен бақыланады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер санының көбейіп келе жатқаны байқалады», — деді Нысанбаев.

ҚазАқпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі