jasqazaq.kz

Ерлан Қошанов: Маңызды мәселе — гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұру

04 желтоқсан 2023, 13:33

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов елімізде әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу бағытында қандай іс-шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты.
«Бүгін біз Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына қазақстандық төрағалық етуді қорытындылап отырмыз. Бір жыл ішінде жемісті жұмыс істелді. Жоғары трибуналардан инновациялар мен технологияларды дамытудың, жаһандық аспектідегі бейбітшілік пен қауіпсіздіктің, климаттың өзгеруінің, терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі әйелдер мен жастардың рөлінің өзекті мәселелері көтерілді. Бұл өте маңызды тақырыптар. Бүгінгі күн тәртібінде ешкімді бей–жай қалдыра алмайтын маңызды мәселе — гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы тұру», — деді Ерлан Қошанов елордада өтіп жатқан «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» конференциясында.

Оның айтуынша, гендерлік зорлық-зомбылық ауқымды сипатқа ие.

«Бұл бүкіл әлемдегі жаһандық проблемалардың бірі. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, әлемдегі әрбір үшінші әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған. Осы қоғам дертімен күресу үшін әлемнің 155 елінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңдар қабылдады», — дейді ол.

Қазақстанда соңғы жылдары отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес аясында жазалар үнемі қатаңдатылуда.

«Бүгін біз, заң шығарушылар, одан әрі қарай жүрдік. Депутаттар осы саладағы заңнамалық новеллалардың жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Біріншіден, біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қылмыстық жауапкершілікке тартуды жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды Мәжіліс спикері.

Айта кетейік, елордада «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» конференциясы өтіп жатыр.

Аталған шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан елдерінің өкілдері қатысуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі