jasqazaq.kz

Ерлан Қошанов: Қабылданған заң аясында халықтың қарызы азаяды

20 наурыз 2024, 15:33

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов палата отырысында қабылданған қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған заңға қатысты түсінік берді.

«Бүгін өте маңызды әрі қажет заңды қабылдадық. Шынымен де кейінгі кездері шамадан тыс кредит алу халықтың ішінде үлкен проблемаға айналып отыр. Мемлекет басшысы бұл мәселеге алаңдайтынын бірнеше мәрте айтқан еді. Президент Жолдауында нақты тапсырма да берілді. Бұл тұрғыда депутаттар осы заңды әзірледі», — деді Е. Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында.

Оның айтуынша, аталған құжатта азаматтардың қаржылық проблемалары туралы көтерген ұсыныстары енгізілген.

«Осы заңда қарастырылған жаңа нормалар қазақстандықтардың қарызға батуының алдын алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар, адамдарды коллекторлардың дөрекі іс-әрекеттерінен қорғайды. Жалпы алғанда, қабылданған заң халық арасында қарыз көлемінің едәуір азаюына септігін тигізетініне сенімдіміз. Азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оларға қаржылық еркіндік пен сенімділік беретіні сөзсіз», — деді Мәжіліс төрағасы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі