jasqazaq.kz

Ерлан Қошанов Бішімбаев ісі туралы: Мен де ақпарат құралдарынан біліп отырмын

13 наурыз 2024, 15:00

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов атышулы Қ.Бишімбаевтың сот процесі туралы тілшілер сұрағына жауап берді, деп жазды kaz.inform.kz.

«Қазір сот процесі жүріп жатыр. Өзіңіз білесіз, сот процесіне ешбір азаматтың араласу құқығы жоқ. Оған араласуға болмайды. Екіншіден, бұл іс үлкен резонанс туғызды. Шынында да, жантүршігерлік оқиға әрі қоғамның ерекше бақылауында. Президент осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын дұрыс жүргізу бойынша тапсырма берді, өз бақылауында ұстап отыр. Сондықтан осындай қоғамдық бақылау бар кезде әрине, ешқандай бұрмалаушылық болады деп ойламаймын. Сот шешімін шығару да дербес жүргізіледі. Әділ үкім шығаратынына сенеміз», — деді Ерлан Қошанов.

Сонымен бірге журналистер Мәжіліс төрағасынан өздерінің сот залына кіре алмауы туралы пікірін сұрады.

«Сот мейлінше ашық жүріп жатқанын көріп отырмыз. Мен де сіздер сияқты бәрін ақпарат құралдарынан біліп отырмын. Тағы да қайталап айтарым, сот үкім шығаруда да, қандай форматта сот процесін жүргізуде де дербес шешім қабылдайды. Демек, сондай шешімді сот қабылдады. Онлайн режимде сіздерге ашық ақпарат беріліп жатыр. Бұл аудандық сот, залдың іші тар, сондықтан бұл жерде залдың да, аудандық соттың да мүмкіндігі шектеулі. Мәселе осыдан туындады деп ойлаймын», — деді Е.Қошанов.

JQ-Aqparart

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі