jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: Саяси-экономикалық реформалармен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асты

20 қараша 2023, 14:39

Осыдан бір жыл бұрын өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 80 пайызы дауыс берді. Бұл көрсеткіш халықтың Президентке деген сенімі жоғары екенін айқын аңғартты. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осындай пікірде, деп хабарлайды Kazinform.

Ол Мемлекет басшысы 2019 жылы жүзеге асыра бастаған ауқымды әрі жан-жақты реформалар қайта сайланғаннан кейін де дәйекті түрде жалғасын тапқанын атап өтті.

«Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты. Соның нәтижесінде Парламенттің қос палатасының және мәслихаттың сайлауы өтіп, олардың құрамы едәуір жаңарды.

Үш апта бұрын Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болды.

Осылайша, еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді», — деп жазды Ерлан тынымбайұлы желідегі парақшасына.

Оның пайымынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық бағдары Қазақстан қоғамының барлық саласын қанаттастыра реформалауға бағытталған. Сондықтан Президент өзінің қыркүйектегі Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық моделге көшетінін жариялады.

«Бұл қадам экономиканы одан әрі монополиясыздандыру мен әртараптандыруды, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, көлік пен логистиканы, қаржы саласын дамытуды, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсетуді көздейді.

Саяси және экономикалық реформалармен қатар әлеуметтік-гуманитарлық салада да маңызды реформалар жүзеге асырылады. Ондағы мақсат – білім беру, ғылым және мәдениет саласын дамыту арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру», — делінген жазбада.

Ерлан қарин Президенттің сайлау алдындағы тұғырнамасында айтылған басты бастамалар биыл жүзеге асырыла бастағанын еске салды. Оның қатарында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, заңсыз жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді елге қайтару сияқты бастамалар бар.

«Жалпы, Президент стратегиясының барлық бағыты – саясат, экономика және идеология үшеуі біріккенде елімізді жүйелі түрде жаңғыртуды көздейтін біртұтас бағдарламаны құрайды», — деді Мемлекеттік кеңесші.

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры