jasqazaq.kz

Ерлан Қарин: Қазақстанда халық санының өсуі ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті

16 қараша 2023, 15:29

Қазақстан халық санының өсуі жағынан ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті, деп жазды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Телеграмдағы арнасында.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 млн адамға жеткенін мәлім етті. Халықаралық және отандық сарапшылардың жақын арадағы болжамы бойынша, мұндай көрсеткішке, ең жақсы нәтиже көрсеткеннің өзінде 2024 жылы жетуіміз керек еді.

БҰҰ-ның 2017 жылғы құжатында Қазақстанның халық саны 2030 жылы 20,301 млн адамға жетеді деп болжанған. Кейінірек, яғни 2019 жылы БҰҰ 2030 жылы халық саны 20,639 адам болуы мүмкін деп көрсетті» деп жазады Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

Ең кейінгі жорамалдардың өзінде тұрғындар санының өсуіне қатысты болжам басқа болған екен.

«Мәселен, 2022 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы ең жақсы нәтиже көрсеткеннің өзінде Қазақстан халқының саны 2024 жылы 20,312 адамға немесе нашар көрсеткіш болса 2025 жылы 20,083 млн адамға жетеді деп болжаған. Дегенмен туу деңгейі өсіп, өмір сүру ұзақтығы артып, өлім саны азайғанның арқасында Қазақстан халық санының өсуі жағынан ең оптимистік болжамның өзінен асып түсті», — деп жазды Ерлан Қарин.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі