jasqazaq.kz

«Ерке неке жүзігін лақтырып жіберді»: Асхат Садырбай бұрынғы некесіне қатысты шындықты айтты

27 қантар 2025, 10:51

Екінші әйелін сотқа сүйреп, басы дауға қалған журналист Асхат Садырбай жеке өміріне қатысты шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БАҚ өкілі әріптесі Руслан Өтепбайдың сұрақтарына жауап берді.

Айта кетейік, 2011 жылы журналист танымал әнші Ерке Есмаханмен отау құрды. Олар бала дүниеге келген соң көп ұзамай ажырасып кетті. Тіпті әнші экс-күйеуінің қол көтергенін де айтып, тоғыз ай бойы күйзеліске түскенін жасырмаған еді. Асхат оны жоққа шығарды.

“Жоқ, ұрған жоқпын. Бұл ұзақ әңгіме, оған тоқталғым келмейді. Оның отбасы бар. Ол жайлы ештеңе айтқым келмейді. Оның бұрынғы өткен өмірін қозғап не істейміз?! Біздің ажырасуымызға қол көтеру себеп болған жоқ. Біздің баламыз өмірге келді. Келістік, бөлек кететін болып шештік, мен оған тек бақыт тілеп қалдым», – дейді медиа маманы.

Сондай-ақ әнші ажырасқан кезде күйеуінің сыйлаған сыйлықтары мен алтындарын алып қалғанын да жайып салған болатын.

“Әйел эмоциямен айтады ғой. Екеуміз некелескенде тағылған неке жүзікті ажырасып жатқан кезде Ерке лақтырып жіберді. Мен оны көтеріп, тағы да қосылып қалармыз деп алып кеткенмін. Басқа алтындарды алмадым», – деді ол.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі