jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Жақын күндері жақсы жаңалықпен бөлісемін

22 маусым 2023, 9:49


Әлеуметтік желіге әнші Ерке Есмахан жүктілікті сөз қылып жүрген көпшілікке сауал тастады.
«Неше айлық, мерзімі қашан деп отырсыздар? Ұл ма, қыз ба, оны да айтсаңыздар, біліп жүрейік. «Аяғы ауыр боп қалған соң үйленген екен» деп өрбітіп жатқандарға да бір сәлем. Өздері даттап та, жақтап та алатын менің Қазағым! Негізі сүйіншілететін күні өзіміз де асыға күтудеміз. Алла бұйыртсын», – дейді әнші.
Ерке Есмахан көпшіліктен өзі жайлы жаңалықтардың бәріне сене бермеуге шақырды. Әнші оқырманын тағы бір жақсы жаңалығы барын айтып, қызықтырып қойды.
«Түйін! Өйтті, бүйтті, анау-мынау, 5 айлық, 6 айлық, бір-біріне жазылды, жазылмады, суретті өшірді, өшірмеді демей, ойланып, көздеріңізді ашып қарап, өсекке сенбей тыныш өмір сүріңіздер. Жаңалық өте көп. Күйеуім ұзақ жүріп бір шаруаны тындырды. Қуанышымызда шек жоқ. Шүкір. Алла жазса, жақын күндері бөлісемін. Сіздердің де шаңырақтарыңызда тек қуаныш, бақыт болсын», – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі