
Күні кеше әлеуметтік желілермен сайттарда белгілі әнші Ерке Есмахан жайлы біраз ақпараттар мен пікірлер қаптады. Бүгін ақпараттар әншінің өзіне жеткен болу керек, өз ойын білдіріпті.
Ол «Күшті көңіл-күймен ұйқымнан тұрсам! Қазақ қандастарым, мен сыртта жүргенде, сайттарына не болса соны жазып қойыпты! Таң қаламын! Жаман ойларыңызға мен жауап бермеймін! Менің «өз шындығым» өзімде!-деп жазды өзінің инстаграмдағы парақшасына.
Jasqazaq.kz сайты Еркенің көмекшісіне байланысқа шығып, мәселенің мән-жайын сұрады.
Әншінің көмекшісімін деп таныстырған Ақмарал Ерік «Ерке ешқандай олигархпен емес, өзінің құрбысымен ой жинақтауға кеткен. Мен өзім кеше тараған ақпартты nur.kz сайтынан көрдім. Ол ақпарат ешқандай шындыққа жанаспайды» — деп жауап берді.