Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарымен өзінің басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті.

Әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында актер Әділ Ахметовпен бірге жүргізген тойда орын алған жағдайды жария қылған.
«Кешегі, Әділ екеуміз жүргізген тойда «бір қызық» болды! Той дәстүрімен, келіншек «тұрмыс құрмаған құрбыларына» лақтырған «шоқ гүлдері» менің қолыма топ ете қалды. Құрбыларынан ұят болды!
Той иелері мен қонақтары, мені құттықтап әмпәй-жәмпәй болдық. Гүл қолда, мен дайын, енді қалғаны тек «күйеу жігіт»! Әділдің «букетке» дым қатысы жоқ!», — деп жазды ол.
Еркенің тыңдармандары мен жанкүйерлері оған түрлі тілектерін жаудыруда. Олардың көбісі «Бағың ашылсын, өз теңіңді тауып, тұрмысқа шығуыңа тілектеспіз», — деп пікір қалдырып жатыр.
nur.kz