jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Хайп қуғандар біресе балама, біресе күйеуіме, біресе өзіме тиісіп қоймады ғой

15 сәуiр 2024, 11:28


Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде аз ақша қосты дегендерге жауап берді.
«Хайп қуғандар біресе балама, біресе күйеуіме, біресе өзіме тиісіп қоймады ғой. 2-3 күн бұрын әншілер жинаған жылудың тізімінде бірнеше адам тұр. Соның ішінен «Ерке Есмахан 200 мың теңге берді» дегенді көріп, шулап жатыр екен. Неге үнемі мен? Енді сіздер «Ұят» деп отырған 200 мың теңгеге дейін бізден қаншама көмек кетті?! Су тасқынының басталғанына 20 күндей болды ғой. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі туыс-танысқа көмектестік. Қаншама отбасына ақшалай аударым жасадық. Одан бөлек көп қайырымдылық қорына ақша жібердік. Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп бергеннің өзінен үлкен сома шықты. Одан да бөлмей, 6 млн теңгені бір рет жіберу керек еді. «Дұұрыс жасамадық, ауыз толтырып айтатын сома болатын еді» деп отырмын. Ал күйеуім әрқашан «Алла білсе болды. Адамдар сөйлей береді. Тыныш отыра берші» дейді. Әйелміз ғой. Қалай тыныш отырамын? Мені қоя беріңіз, жасы үлкен әншілерді де қарғап жатыр ғой. Артық сөзден аулақ болыңыздаршы. Олар беруге міндетті емес. Олар — мемлекет емес. Ниетіне қанағат етіңіздер. Күйеуім Оралда жүр. Жағдай әлі жақсармады. Әлде де көмегімізді аямаймыз. Ел басына күн туғанда, бірігудің орнына іріткі салып отырғандарға Алла сана берсін», — деп жазды Ерке Есмахан.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства