jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер!

17 маусым 2024, 13:05

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан инстаграм желісінде оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап берді.

Өнер иесі балалы болғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтып берді.

“Екі ұлдан соң, құдайдан қыз тілеп жүрміз. Алланың бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы дені сау болсын. Ислам ембейді. Ол үлкен жігіт болды. Қарындасына жол берді», – деп жазды өнер иесі.

Сондай-ақ әнші өзіне жазылатын негатив пікірлерді қалай қабылдайтынын жеткізді.

«Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманнан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді. Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар», – деді әнші.

Ерке Есмаханның айтуынша, балалы болғаннан кейін жұмысты да, кездесуді де кейінге қалдырған. Тіпті, құрбыларымен жолығуға уақыт тапшы екен.

“Бәріміз отбасылы, балалы болған соң уақыт тапшы болып қалды. Гүлназбен үнемі байланыстамыз, кездесеміз дегенімізге мың жыл болды. Әлі кездеспедік. Жания, Дана, Сая, Луиналарды тіпті сағындым. Әне-міне деп әлі жүрмін. Жылдап кездеспесек те, бір-бірімізге тек бақыт тілеп отыратын нақ достар екенімізді білемін», – деп жауап берді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі