jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Белден төмен әңгіме айтпаңыздар

05 желтоқсан 2023, 10:47


Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандары арасында сұрақ-жауап жасап, кейбір сұрақтарға жауап берді
“Босану бөлмесіне 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рилс салып, одан кейін босанғандағы сезім туралы жазба жариялап отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуы тиіс дүниелер бар мен үшін. Сондықтан жүрекжарды сыр ашуды менен күтпеңіздер. Ең дұрысы босануды менен сұрағанша, сол сезімді сезіну бұйырсын! Жұғысты болсын. “Жыртылды” ма деген сұрақ та қоймаңыздар. Онсыз да белден төмен әңгіме қаптап жүр!” – деп жазды әнші босану туралы сұраған оқырманына.
Айтуынша, 39-аптада, түнгі сағат 03:47-де босанған. Әнші жүктілік кезінде қосқан артық салмақтан арылуды бастап кеткен.
“Перзентханаға 72 келі болып бардым. Босанғаннан кейін, 61 келіге түстім. Арқа мен қол, аяқ пен буындарыма массаж алып бастадым. Дененде ісік те қалмауы керек екен. Дәрігерлер рұқсат берді. Ішке ғана тиіспеймін. Шілде тер шығарудамын. Қалжаланып, сорпаланып жатырмын. Мақсатым – 53 келіме оралу. Емізіп жүргесін әрі бөпемді де уайымдап, барлық тамақты жеп жатырмын. Көп дәрумен ішіп жатырмын”, – дейді әнші.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде