jasqazaq.kz

Ережеге бағынбайтын самокаттар айып тұрағына жеткізіледі

24 шiлде 2023, 16:01

22 маусымда Сенат «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясын мақұлдады. 29 маусымда Президент тиісті заңға қол қойды. Құжат алғаш ресми жарияланғаннан 60 күн өткен соң, яғни 30 тамызда күшіне енеді.

Енді келер айдың соңынан бастап электр самокаттардың қозғалысына қатысты қолданылуы мүмкін шараларға тоқталсақ.

ҚазАқпарат хабарлауынша, ең жоғары жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы «электр самокат» деп танылады. Олардың қозғалысы үшін де тиісті орындар айқындалады. Сондай-ақ олардың жүргізушілеріне тиісті шектеулер қойылады.

Шарттар мен ережелерді сақтай отырып:

— электр самокаттардың жолдың жүріс бөлігінің оң жақ шетімен қозғалуына рұқсат етіледі;

— жүргізуші 18 жасқа толған болуы тиіс;

— көлік құралын басқаруға құқық беретін кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы шарт;

— шлем кию міндетті.

— қараңғы уақытта қозғалу кезінде басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне көрінуі үшін жарық түсіретін белгілер орнатылуы қажет.

— тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолымен сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру шарт;

Ережені бұзған электр самокат жүргізушілеріне Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне және Жол қозағалысы ережелеріне сай жаза қолданылады. Яғни, талаптарды елемегендердің самокаты айып тұрағына да қойылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, басқа құзыретті органда тіркелген көлік құралдарының «Жол қозғалысы туралы» Заңда көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру үшін ішкі істер органдары қызметкерлерінің көлік құралдарын тоқтатуының негіздерін белгілейтін түзетулер енгізілді.

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау саласында мемлекеттік монополия енгізілмек. Бұл қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығы ҚР ІІМ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына беріледі.

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста