jasqazaq.kz

«Ерекше Петропавлдық» нанының бағасы да ерекше (видео)

20 қыркүйек 2016, 22:23

Еліміз бойынша ең қымбат нан бағасы Петропавлда. Қазірдің өзінде халық ең көп қолданатын «Ерекше Петропавлдық» деп аталатын бір бөлкенің құны 86 теңгеге дейін жеткен. Шарықтаған ас атасының бағасына, әсіресе, зейнеткерлер наразы.

Петропавлдық зейнеткерлер соңғы уақытта бағаның бірнеше рет өскеніне қапалы. Өйткені, жиі өскен нан бағасы қалтамызды қағып жатыр дейді. Астықты аймақта нан бағасының қымбаттауы ақылға сыймайтынын айтады. Ал өңірдегі ең ірі өндіруші — «Петропавл нан-тоқаш комбинаты» «Ерекше Петропавлдық» нанының қымбаттауын арнайы технологиялар бойынша әзірленуімен байланыстырады. Тағы бір себеп, нанды әзірлеуге жоғары сұрыпты ұн қосамыз дейді. Жыл басында аталмыш нан 65 теңге болса, жылдың ортасына қарай 80 теңгеге өскен. Әкімдіктегілер құбылған нан бағасын бақылауға қауқарсыз.

ЕРЛАН ҚАЙШЫБЕКОВ, Петропавл нан-тоқаш комбинатының директоры:

— «Ерекше Петропавлдық» деп аталатын бұл нан 4 теңгеге көтерілді. Бірқатар бағаны өсірдік. Бұл бидайдың қымбаттауына да байланысты. Оған қоса басқа да желілердің бағасы өсіп нанның бағасын қымбаттатуға тура келді.

31.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде