jasqazaq.kz

Ерекше бақылауда: Ерболат Досаев сел қаупі бар аумақтарды тікұшақпен бақылап шықты

07 маусым 2024, 15:09

Ерболат Досаев Алматы маңындағы мореналық көлдер мен мұздықтардың жай-күйін тікұшақпен бақылап, тау өзеніндегі көшкінді, су тасқыны мен сел жағдайын бақылауды күшейтуді тапсырды, —  деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлығы 51 көл бар, оның алтауы ең қауіпті саналады. Қазір жағдай бақылауға алынып, көлдегі су деңгейі қауіпсіз белгіде тұр.

Таудағы температура 5-6°C деңгейінде сақталады, бірақ шілдеде 22°C дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Селдің алдын алу үшін көлдердің суы ағызылады, оған жергілікті бюджеттен 36,3 млн теңге бөлінген. Бұл қаражатқа өнімділігі жоғары сорғылар, сифон құбырлары, су ағызу арналарын тазартуға арналған жабдықтар сатып алынады.

«Қазселденқорғау» ММ мамандары 10 тұрақты және 3 маусымдық постарда бақылау жүргізеді, ал 20 маусымнан кейін қалған 10 маусымдық постта бақылау басталады.

JQ-Aqparat 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі