jasqazaq.kz

Ерболат Төлеген: Екі айда 20 келі салмақ тастадым

15 мамыр 2023, 15:20

Көпшілікке Шімән апа лақап атымен танылған Ерболат Төлеген екі ай ішінде 20 келі салмақ тастаған. Әзілкеш отандық бағдарламада аз уақытта артық салмағынан қалай арылғанын айтып берді.

«Қазір бәрін жей беремін. Бірақ былтыр, бір жылдай жемедім. Иә, шын. Диетологпен жұмыс істедім. Маған әлеуметтік желіде «Қалай арықтадың, маған айтшы. Сенің істегеніңді жасаймын» дейді. Мен «Менің істегенімді жасама. Екеуіміздің ағзамыз бірдей емес қой» деймін. 2011 жылдан бері диета ұстап жүрмін. 2009 жылы 120 келі салмақта болдым. Одан кейін 115 келі, 110 келі, 90 келіге түстім. Бірақ былтыр үш ай өз еркіммен ашықтым. Он бес күн бойы тамақ жемедім. Аштық ұстадым. Сорпа іштім. Физикалық күш түсірмедім. Оразадан кейін үш айдай үйде жаттым. Бір жаққа шықсам, ештеңе жемедім. Тамақ жегің келеді, бірақ жемедім. Сол кезде адамда салмақ азаяды. Одан кейін екі ай бойы шөп-шалаң, брокколи, жұмыртқа жедім. Екі айда 20 келі салмақ тастадым. Қазір жаттығу бастадым. Қазір күніне жеті рет тамақтанамын. Бір-екі келі салмақ қосамын. Бірақ жаттығумен қайта тастаймын ол салмақты», — деді жан сырын ақтарған Ерболат Төлеген.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі