jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Жәутіков атындағы олимпиада Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды

08 қантар 2024, 19:48

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанатында қатысушыларды құттықтады. Биыл зияткерлік сайыс 3 жылдық онлайн режимнен кейін офлайн форматта өтіп жатыр. Олимпиадаға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Қырғызстан сияқты 16 елден 600-ге жуық оқушы қатысады.
«Жәутіков атындағы олимпиаданың ауқымы мен кеңінен танылуы Алматы үшін маңызды оқиғаға айналды.

Мықты физика-математика мектебімен танымал қаламыздың оқушыларының жеңісі мен жетістігін мақтан тұтамыз. Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан мен шетелдерде зор жетістікке қол жеткізіп келеді. Олар MIT, KAIST, Йель, Кембридж сынды әлемдегі ең беделді университеттердің студенттері», — деді Алматы әкімі Ерболат Досаев олимпиаданың ашылу салтанатында.


Мерейтойлық ХХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 8-13 қаңтар аралығында дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернатының базасында өтеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі