jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Тергеу жүріп жатыр, барлығын бақылауда ұстаймыз

21 маусым 2023, 12:45

Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгін Медеу ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуде әкімге «АИТВ індетін жұқтырған науқастар анықталғаннан кейін орталық клиникалық аурухана басшылығына қандай шара қолданылғаны туралы, сондай-ақ медицина қызметкерлері неліктен әлі күнге дейін жұмыста жүр» деген сауал қойылды.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде тергеу жүріп жатыр. Бекітілген ережеге сәйкес, қалалық ЖИТС орталығымен бірлесе жұмыс жүргізіліп, реанимация бөліміне түскен реципиенттер, медицина қызметкерлері және басқа да науқастар тексерілді.

«Осыдан кейін 13 маусым күні олар ережеге сәйкес, Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді. 14 маусым таңертең қажетті кезектен тыс тексерулер белгіленді, жұмыс бүгінде жалғасуда. Кеше денсаулық сақтау министрлігі аралық нәтижелерді жариялады. Біреуді жұмыстан босату үшін алдымен оның қайдан келгенін анықтау керек. Комиссия жұмысын аяқтаған бойда бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайтын болады. Барлығын бақылауда ұстаймыз», — деді әкім.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі