jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Таулы аймақта құрылысқа рұқсат бермегенім үшін жауларым көбейді

13 наурыз 2025, 12:21

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Әкім Ерменсай шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы туралы сауалға жауап берді:
«Белгілі бір ауданда тұрғын үй кешендерінің құрылысына мораторий енгізу заң жүзінде мүмкін емес. Бірақ біз бұл мәселені реттеп отырмыз. Соңғы бірнеше жылда қанша жобаны мақұлдаудан бас тартқанымызды елестете де алмайсыздар. Қалада менің таулы аймақта құрылыс жүргізуге рұқсат бермегенім үшін жауым көбейді».

Досаевтың айтуынша, заңнамадағы олқылық құрылыс компанияларына жеке тұрғын үйге арналған жерлерге аз қабатты кешендер салуға мүмкіндік беріп отыр. «Біз заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгіздік және өз тарапымыздан құрылыс ережесін қатаңдаттық. Қазіргі уақытта бұл ереже тау бөктерін тегістеуге, таулы аймақтағы жоталар жолағында, соның ішінде еңісі 15 градустан жоғары жерлерде құрылыс жүргізуге тыйым салады», – деді Алматы әкімі.

JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі