jasqazaq.kz

Ерболат Досаев: Қаражат бар, төлейміз!

11 мамыр 2023, 13:11

Метро құрылысы үшін сатып алынатын жер учаскелерінің ақшасы мамырдың соңына дейін төленеді. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы халқымен кездесуінде айтты.

Алматыда метро салынуына байланысты Наурызбай ауданында Әшімов көшесінен төмен қарай жер телімдері сатып алынып жатыр.

«Былтыр учаскемізге бағалау жұмыстары жүргізілді, желтоқсан айында ақшамызды алуымыз керек болатын. Бірақ ол кезде төлемеді. Енді мамырдың 10-ы деп еді, тағы жоқ. Сізден сұрайтынымыз – осы мәселені тезірек шешіп берсеңіз»,- – деді Наурызбай ауданы тұрғыны.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, аталған жер телімдерінде өткен аптада бағалау жұмыстары жүргізілген.

«Енді әрқайсыңызды жеке шақыратын болады. Тиісті шартқа қол қоясыздар. Қаражат бар. Маған енді осы қол қойған қағаздар керек. Одан кейін бірден төлеп береміз. Мен алдында мамыр айының соңына дейін сатып алатын жер мәселесін шешіңдер деп тапсырма бергенмін», — деді шаһар әкімі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі