Ерболат Досаев ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысын тексерді

18 сәуiр, 19:30

Алматы әкімі Ерболат Досаев ескі тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы бойынша үйлердің құрылысымен және тұрғындарды көшіру барысымен танысты.
Алматы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түрскіб ауданында Сейфуллин, Кассин, Котельников, Ақан сері көшелерінің квадратында 8 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде.
Инвестициялық жоба шарты мен Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі қаулысы негізінде Түрксіб ауданында Сейфуллин, Кассин, Котельников, Ақан сері көшелерінің аумағындағы «Qazaq Stroy» құрылыс салушысы 8 көппәтерлі тұрғын үйді салып жатыр.
2022 жылы 119 пәтерге арналған 6 қабатты екі үй пайдалануға беріліп, оған ескі үйлердің тұрғындары көшірілді. Биыл 429 пәтерлік 6 үйдің құрылысы аяқталады, оның 130-ы ескі тұрғын үйдің тұрғындарына арналған.


Үшінші кезектегі үй салуды бастау үшін 18 үйдің тұрғындарын көшіру қажет. Кейбірі көшуге әлі келіскен жоқ, бірақ көпшілігі үйдегі жағдайдың жоқтығын айтып, оларды тездетіп көшіруді сұрайды.
Қала әкімі тұрғындарға меншік иелерінің 100% келісімінсіз инвестор қоныс аударуды бастай алмайтынын түсіндірді. Шешім ретінде қоныс аудару қорын тартуды ұсынды. Ескі тұрғын үйді қалдыруға келіскен азаматтар қордың пәтеріне біртіндеп көшіріле бастайды.


Ерболат Досаев Түрксіб ауданының әкімдігіне жаңа үйлердің аумағын абаттандыруды бақылауды, тұрақ орындарын қамтамасыз етуді тапсырды.
Түрксіб ауданында көппәтерлі тұрғын үй қорында 1247 үйді бар, жөндеуді қажет ететін ескі үйлердің саны 586.

JQ-Aqparat

Суреттер: Алматы әкімінің баспасөз қызметі 

 

Бүгін, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді