jasqazaq.kz

Ерболат Әлқожа: Қыз-келіншектерді жек көре бастадым

16 тамыз 2023, 14:11

 

Актер Ерболат Әлқожа киноға түскен кезінде рөлдердің өзіне қатты әсер еткені туралы сөз етті.  Актер бұл туралы отандық бағдарламада айтты.

Өнер иесі  атышулы фильмге қалай қабылданғанын бастан-аяқ баяндап берді.

«Маған хабарласып, сценарийді жіберді. Мен оқып шықтым, сосын «келістім, ойнаймын» деген кезде «Маған әйеліңнен сұрадың ба?» деді. Мен тоқтап қалдым. Содан не керек, әйеліме сценарийді жібердім. Оқып болғаннан кейін «маған ойнағың келе ме сенің» деді. «Иә, ойнағым келеді» дедім. «Ойна, мынау жақсы кино», — деді. Мен оған кинода төсек сахналары болатынын айттым. Сценарийде былай жазылғанымен, түсірілім алаңында одан да күрделі болуы мүмкін, тіпті тыржалаңаш шығуым да ғажап емес екенін ескерттім. Бірақ әйелім қарсылық танытпады», — дейді.

Актердің айтуынша, аталмыш фильм ол үшін ауыр тиген. Ол рөлге сәйкес келгенімен, ішкіш кейіпкердің бейнесіне ену қиынға соққан көрінеді.

«Кино өте ауыр. Біздің менталитетке қарама-қайшы, бірақ біздің қоғамда орын алып жатқан оқиға. Менің ойнау қабілетім, барлығы түсірілім алаңында келіп тұрды. Режиссер «сен жақсы келіп тұрсың, бірақ түрің алқашқа ұқсамайды» деді. Мен не істеуім керек бұл жағдайда? Сұрадым, кеңес алдым. Бірақ маған ішесің деді. Түсірілім алаңында ішіп жүруге тура келді. Мен негізі ішкенді ұнатпаймын. Кешкі сағат 9-10 шамасында келемін. Таңғы сағат 3-4-ке дейін ұйықтамаймын. Тәтті ұйқыға кеткенде олар мені 7-де оятып алады. Ол жерде менің ұйқым қанбаған, бетім ісіп кеткен, ішкенім де бар, көңіл-күйім жоқ», — деді актер.

Туындының ауыр болғаны соншалық, актер психолог маманның көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтады.

«Шыны керек, дәл осындай сахналар маған өте ауыр тиді. Осымен екінші рет менің осылай ауыр сахналарды ойнап, образдан шыға алмай қалуым болды. Жасыратыны жоқ, ешкімге айтпай, психологқа барып жүрдім. Тіпті осы фильмнен кейін бүкіл әйел адамдарға өшпенділік болды. Қыз-келіншектерді жек көре бастадым», – дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

 

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста