jasqazaq.kz

Ербол Мырзабосынов: Тауға кеткен турист ТЖ қызметіне хабар беруге міндеттеледі

10 маусым 2025, 14:11

Соңғы жылдары елімізде, әсіресе, Алматыда тауға шығып, түсе алмай, көмекке шақыратын жағдай жиіледі. Осыған орай туризм және спорт министрлігі туристердің таулы аймақтардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заңнамаға түзету енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Жаңа норма бойынша туристер жету қиын таулы аймақтарға сапар алдында ТЖМ бөлімшелеріне өз бағыты туралы міндетті түрде хабар беруі тиіс. Бұл туралы министр Ербол Мырзабосынов Үкіметтің бүгінгі отырысында баяндады.
Оның айтуынша, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елімізде 700 шомылуға рұқсат етілген орын белгіленді. Қауіпті жерлерде 201 құтқару бекеті жұмыс істеп тұр.
Министр: «Таулы аймақтарда жағдай күрделі. Соңғы бес жылда 400-ден астам құтқару операциясы жүргізілді. Тек өткен жазда 112 жағдай тіркелген. Осыған байланысты, тауға шықпас бұрын туристердің маршруттары туралы төтенше жағдай қызметтеріне хабарлау тәртібін заңнамалық түрде бекіту қарастырылып жатыр», — деді.
Қазір Алматы тау кластері аясында қауіпсіздікке арналған инфрақұрылым салынып жатыр.
«Шалғай тауларда 18 үйшік орнатылды. Онда алғашқы көмек қобдишасы, азық-түлік, көрпе және «SOS» түймесі бар. Бұл жүйе бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға көмектесті. Осы тәжірибені басқа да таулы аймақтарға енгізу ұсынылады», − деп атап өтті министр.
«ҚазАвтоЖол» дерегінше, республикалық жолдарда 1446 сервис нысаны бар. Оның 90 пайызы стандартқа сай. Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу көзделді.

JQ-Aqparat

Фото: 7kun.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы