jasqazaq.kz

Ерасыл Әубәкіровтің анасы: Енді ешкімге сенбеймін

22 тамыз 2016, 19:26

ап

Астанада медакадемия студенті Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтуде. Отырысқа Ерасылдың анасы мен әпкесін кіргізбей қойған. Бұл туралы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап nur.kz порталы хабарлайды.
«Келіссек те, келіспесек те олар бәрін өздері шешіп қойған. Менің ұлым кінәлі емес. Аянды (Мейірбаев — NT ескертпесі) жібере салғаннан кейін мен ешкімге сенбейтін болдым. Бастапқыда төртеуін құрықтағанында менде үміт бар еді, ал енді Аянды жібере салды. Тірі жанға сенуден қалдым», — деп күйінді Ерасылдың анасы.

Әйел ұлы туралы қаңқу сөздер таратқандарға жауап берді.

«Менің ұлымның еш жазығы жоқ. Оны жақсы білемін. Ол кей адамдар айтып жүргендей жан емес. Түрлі нәрсе айтуда. Маған ұлымның қазасы өте ауыр тиді. Жазықсыз өлтіре салды. Ұлым нағыз патриот, нағыз ер азамат болғанын қашан да мақтан тұтамын. Аянның ата-анасы жоқ, менімен байланысқа шыққан емес. Соттың ашық болғанынан да еш қайыр жоқ. Енді ешкімге сенбеймін», — дейді Ерасылдың анасы Кенжегүл Әубәкірова.

Кенжегүл енді тек Жаратушыға сенетінін алға тартты.

«Менің айтарға сөзім жоқ. Тек бір Жаратушыға сенемін. Ол — барлық жайттың куәсі. Бізді (сотқа — NT ескертпесі) жібермей қойса, жасырғандары бар деп ойлаймын», — деп көзіне жас алды әйел.

Еске салсақ, 4 ақпан күні Ерасыл Әубәкіров хабарсыз кетіп, кейін 10 ақпанда полицейлер оның мәйітін тапқан болатын. Қылмысқа күдікті ретінде төрт адам құрықталған еді: Тихоненко, Шерстенев, Әжімбай және Мейірбаев. Кейін Мейірбаевты күдіктілер қатарынан алып тастаған.

 

www.nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде