jasqazaq.kz

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болды

14 наурыз 2017, 16:11

Бүгін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин Ақтауға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында олар облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.

Отырыс барысында премьер-министр Б. Сағынтаев облыс әкімі лауазымына Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына жіберген хатын оқып берді. Депутаттар ұсынысты бірауыздан қолдады.

Ералы Тоғжанов – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі. Саясаттану ғылымдарының докторы.

1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді.

Жоғары білімді: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер.

Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.

1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы.

1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.

1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды.

1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды.

1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды.

2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

baq.kz хабарлағандай, мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде