jasqazaq.kz

Ер есімі — ел есінде!

09 мамыр 2024, 13:08

Бүгін Қазақ елі Жеңістің 79 жылдығын атап өтуде. Қан майданда ерліктің асқан үлгісін көрсеткен қазақтың қаһарман ұл-қыздарының рухына тағзым етіп жатыр.
Мемлекет басшысы Жеңіс күнімен құттықтауында “Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты”, — деді.

Президент биылғы наурыз айында өткен Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында фашизмді жеңген Ұлы Жеңісті жадымызда сақтауға айрықша көңіл бөлген болатын.

Сұрапыл соғыстың куәгерлері — 148 майдангерге мемлекет пен халық тарапынан лайықты құрмет көрсетілуде. Оларға әлеуметтік және қаржылай көмек беру қарастырылған.
Сонымен қатар үлес қосқан 50 мыңнан астам тыл еңбеккерлері мен ақталған азаматтардың отандасымыздың ерлікке пара-пар еңбегі атап өтілді.
Қазақстаннан екінші дүниежүзілік соғысқа 1 млн 200 мың азамат қатысты. 500-ге жуық майдангер Кеңес Одағының Батыры атанды. 4 қазақстандық екі мәрте батыр атанды.
Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов сияқты батырлардың ерлігі — өскелең ұрпаққа мәңгілік өнеге.
Ер есімі — ел есінде!
Талап Тілеген

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі