jasqazaq.kz

Ер адам полицияға жауап беру кезінде көз жұмды

20 қантар 2017, 13:51

Ақтөбеде қарт ер адам полицияға жауап беру кезінде көз жұмды, қызметтік тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысы полициясы Ақтөбедегі ІІБ кабинеттерінің бірінде қарт ер адамның көз жұмуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізуде деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі жұма күні. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Михаил Тарасов Бөгенбай батыр көшесіндегі үй ауласында орын алған көлік апаты дерегі бойынша түсініктеме беру үшін Ақтөбе ІІБ жол-патрулдік қызмет батальонының іздеу тобы кабинетіне шақырылған. «Әкімшілік істің деректеріне сәйкес Тарасов Деу Нексия автокөлігін қағып кеткен соң, көлік апаты болған жерден кетіп қалған. Іздеу тобының қызметкері шақыру себебін түсіндіріп, әкімшілік іс деректерімен таныстырды», — делінген хабарламада.

Полиция мәліметіне сүйенсек, біраздан соң Тарасовтың хәлі нашарлап, дәрігерге дейінгі көмек көрсетілген: жүрегіне тікелей емес массаж жасалып, жасанды тыныс берілген. Тарасовпен бірге кабинетте оның қызы болып, әкесіне алғашқы көмек беруге жәрдемдесіпті.

Тарасовтың көз жұмуы дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.

sputniknews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде