Қытайдың Путянь қаласында студент қыз пойыз астына түсіп, өмірмен қоштаспақ болды. Оны күтпеген жерден жолаушылардың бірі құтқарып қалған сәті видеобақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.
Станция жұмысшысы бойжеткенді қайғылы жағдай орын алар бұрын бірнеше секунд ішінде ұстап қалады.
Мамырдың 10 күні колледж студенті пойыз астына жүгіреді. Абырой болғанда қыздың өзіне қол салуына жол бермеген ер адам табылады.
Құтқарған жанның өзі бас жарақатын алған. Қатты құлағанына қарамастан, ол қызды бар күшімен ұстап, пойыз астына жібермеуге тырысқан.