jasqazaq.kz

EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы

03 сәуiр, 19:34

Алматыда мектеп оқушылары арасында өткен «Эмоционалдық интеллект» қалалық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Дүниежүзілік деңгейдегі танымал психолог Дэниел Гоулманның зерттеулеріне сәйкес, адамның табысының 80%-ы эмоционалдық интеллектке (EQ) байланысты. Бұл — өз сезімін басқару және өзгелердің эмоциясын түсіну қабілеті. Бүгінгі цифрлық дәуірде, жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде, адамға ғана тән эмпатия мен сезімталдықтың маңызы бұрынғыдан да арта түсті.
Осыған орай, қазіргі білім беру жүйесінде оқушыларға тек білім берумен шектелмей, олардың өзін-өзі реттеу, өзгелерді түсіну және тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту — маңызды бағыттардың біріне айналып отыр.

Үш жылдық дәстүр: жобаның маңызы
«Эмоционалдық интеллект» олимпиадасы — Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты «Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Венера Сембекқызының авторлық жобасы. Аталған іс-шара орталық ұжымының бастамасымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.
Жобаның негізгі мақсаты — оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, күйзеліске төзімділігін қалыптастыру, сондай-ақ ішкі тепе-теңдігін сақтай білетін тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, қатысушылар түрлі өмірлік жағдайларда тиімді қарым-қатынас орнатуға, өз эмоцияларын және өзгенің сезімдерін дұрыс түсінуге дағдыланады.

Жеңіске жетелеген кезеңдер
Олимпиада бірнеше кезеңнен тұрды.
Іріктеу кезеңдерінде оқушылардың эсселері сарапталып, шығармашылық жұмыстары жан-жақты талданды. Қатысушылар өз эмоцияларын көркем тілмен жеткізіп, күрделі жағдаяттардан шығу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, бейнематериалдарын қорғау арқылы өз ойларын жан-жақты көрсетті. Нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған 70 оқушы қалалық кезеңге өтті.
Қорытынды кезең 31 наурыз күні Алматы қаласындағы №143 мектеп-лицейінде өтті. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің психологиялық білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсетті.

Әділқазылар және нәтижелер
Қатысушылардың жұмыстарын жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар және тәжірибелі психологтар бағалады.
Сарапшылардың шешімі бойынша:
• Бас жүлде — 4 оқушы
• I орын — 16 оқушы
• II орын — 25 оқушы
• III орын — 25 оқушы
Олимпиаданың психологиялық бағыттағы жоба болуына байланысты финалға шыққан барлық қатысушылар марапатталды.

Маңызы мен нәтижесі
Мұндай жобалардың жүйелі түрде өткізілуі Алматы қаласындағы білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің сапалы деңгейге көтерілгенін көрсетеді.
Олимпиада оқушылар мен мектеп психологтарына жаңа серпін беріп, өзін-өзі тануға, дамуға және эмоционалдық интеллектін арттыруға ынталандырды. Қатысушылар өз мүмкіндіктерінің кең екенін сезініп, өзіне деген сенімін нығайтты.
«Эмоционалдық интеллект» олимпиадасы — жай ғана байқау емес, бұл оқушылардың өзін-өзі тануына, күйзеліске төзімділігін арттыруға және бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына бағытталған маңызды психологиялық жоба.
Эмоционалдық интеллектті жүйелі жұмыс пен тәжірибе арқылы дамытуға болады. Ал дамыған EQ адамның өмірде өзін еркін танытып, қоғамда тиімді қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді