jasqazaq.kz

Эпидемиология жағдайы ушығып тұр: Оқушылар арасында ЖРВИ жаппай таралып жатыр

20 қараша 2025, 9:47

Еліміздің бірнеше облысында эпидемиология жағдайы ушығып тұр. Әсіресе оқушылар арасында жедел респираторлық-вирустық инсфекция жаппай таралуда. Сондықтан Абай, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы мектептер қашықтықтан оқуға көршірілген. Ал Таразда тұмау жұқтырған науқастар ауруханаға сыймай жатыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Таразда эпиджағдайға байланысты 14 мектеп онлайн оқытуға көшті. Себебі, соңғы екі аптада науқастар саны күрт көбейген. Соның салдарынан шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасында орын жоқ. Төсек-орын жетіспей, дәрігерлер ем іздеп келгендерді облыс орталығына жақын орналасқан аудандарға жөнелтуде.

Бақытгүл Асанова, Тараз қаласы, №4 емхананың дәрігері: — Ең алғашқы белгісі: дене қызуы бірден көтеріледі, 39-40 градус. 38 де емес, бірден қатты температурамен келеді. Балалардың арасында қорқамыз ғой, сіресіп қала ма деп. Балалар ыстықты көтере алмайды. Ата-аналарға түсіндіреміз, балаға сұйықтықты көптеп беру керек. Сумен қоректендіру керек.

Абай облысында да жағдай мәз емес. Өңірде эпидахуал ушығып тұр. Әсіресе мектеп оқушылары арасында жаппай вирус жүріп, өңірдің 58 білім ошағында кейбір сынып қашықтықтан оқуға көшті.

Данара Жүнісова, Абай облысы білім басқармасының бас маманы: — Жалпы білім беру ұйымдарында оқушылар арасында 20-дан 30 пайызға дейін ЖРВИ вирусы тіркелде кабинетте оқыту тоқтатылады. Он күн сыныптарға бала қабылдауға тыйым салынады. Сондықтан өңірдегі білім ошақтарында ішінара сыныптар қашықтықтан оқуға көшірілді. Атап айтқанда, Семейде 53 мектеп, қалған бесеуі Ақсуат, Аягөз және Бесқарағай аудандарындағы оқушылар.

Қостанай, Шығыс Қазақстан облысында вирус жұртты әуре- сарсаңға салуда. Қазір қос өңірде ұстаздар мектеп оқушыларына онлайн форматта білім беруге мәжбүр. Ал дәрігерлер ауырған жұртты өз бетінше емделмеуге шақырады. Ақ халаттылар ыстығы көтеріліп, тұмауратқан жағдайда бірден дәрігерге қаралған жөн дейді.

Сурет: КТК

 

Бүгін, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті