
Қызылорда облысының Қазалы ауданында енесінің ақшасын ұрлаған келін сотталды. Келіні үйінің ауласындағы сарайда тұрған енесінің сандығынан ірі көлемде ақша ұрлаған. Ол сандықтың құлпын кілтпен ашып, ішінде тұрған 3 200 000 теңге ақшаны жымқырған.
Келіннің әрекетін жәбірленуші мен куәгерлер де растады. Сотта келіні енесінің ақшасын алғанын өзі де мойындады.
Бұл туралы Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz хабарлады. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Оған қатысты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.