jasqazaq.kz

Энергетика министрі екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өтпейтінін айтты

28 қантар 2025, 16:23

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тағы бір АЭС не үшін керек екенін түсіндірді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Мемлекет басшысы бүгін ядролық кластер құру туралы мәселені көтеріп, Үкіметке тапсырма берді. Ядролық кластер өз мүмкіндігімізщді барынша пайдалану дегенді білдіреді. Оған уран өнімдерін өндіру, құрастыру және ғылыми әлеует кіреді. Бұл әлеуетті толық іске асыру үшін бірнеше атом электр станциясының ресурстары қажет», — деді министр.

А. Сәтқалиев Президент екінші АЭС үшін алдымен учаске таңдалатынын жеткізді.
Сондай-ақ ол екінші АЭС құрылысы бойынша референдум өте ме деген сауалға жауап берді: «Референдум өткізудің қажеті жоқ. Заңнамаға сәйкес, бұл станция Үкіметтің шешімі негізінде салынады».

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі