jasqazaq.kz

Энергетика министрі: дизель отынынан тапшылық болмайды

24 сәуiр 2023, 10:01

Бүгін Үкіметте Премьер-Министр Әлизхан Смайыловтың төрағалығымен өктен кеңесте ведомство басшылары Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру барысы жайында баяндады. Бұл туралы Премьер-Минисрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Сөз кезегі тигенде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Екібастұз энергия торабын кешенді түрде жаңғырту жүргізілетінін, бұл шамамен 3 ГВт жаңа генерацияны енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ желтоқсан айында қуаты 500 МВт Екібастұз ГРЭС-1-де 1-ші энергоблок қалпына келтіріледі. Жалпы қуаты 1 200 МВт-тан асатын 3 және 4 энергия блоктарын енгізу арқылы ГРЭС-2-ні кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы қуаты 1 200 МВт болатын 5 және 6 энергия блоктарын салу бойынша жобалау алдындағы жұмыстар басталады. Екібастұз ЖЭО жаңғырту шеңберінде осы жылы ұзындығы 5,3 км жылу желілерін күрделі жөндеуді аяқтау, 5 су жылыту қазандығы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу, ЖЭО-ның 3 энергетикалық қазандығын, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды жаңғыртуды соңына дейін жеткізу жоспарлануда. Жалпы, экономиканың электр энергиясына өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеу үшін 2035 жылға дейін 17,3 ГВт жаңа қуаттар енгізілетінін» жеткізді. Энергетика министрді жыл сайын шаруалар мен диқандардың көткемгі егіс науқаны басталғанда және күзгі жиын-терім кезіндегі қарбаласта қоры таусылып қалатын дизель отынына қатысты да мәлім етті. Ведомство басшысы дизель отыны қорының 370 мың тоннаға дейін ұлғайғанын, бұл елдің 21 тәуліктік қажеттілігін өтеуге жеткілікті екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 19 сәуірде өткен кеңейтілген кеңесте еліміздің экономикалық, әлеуметтік әлеуетін көтеру жолында атқарар шаруа өте көп екенін ескерткен болатын.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі