jasqazaq.kz

Енді жұмыссыз адамдар салық төлейді

21 ақпан 2017, 10:01

Беларусьте жұмыс істемейтін, бос жүрген адамдар бұдан былай салық төлейді. Айыппұлдың көлемі де аз емес, 170 еуро. Ел президенті Александр Лукашенко осындай жарлық шығарған.

Baq.kz сайтының хабарлауынша 20 ақпан жұмыссыздардың салық төлейтін ең соңғы күні. Алайда, Беларусь халқы салық төлеуге емес, керісінше жаппай наразылық білдіріп, көшеге шықты.

Қарапайым халық «Біз арамтамақ емеспіз!» деген ұранмен Минск, Могилев, Гомель, Брест, Витебск пен Гродно қалаларында митингке шыққан. Наразылық білдірген 2000-нан астам адам заңның күшін жоюды талап етіп отыр. Егер билік халық үніне құлақ аспаса жұрт 25 ақпан күні қайтып наразылық акциясын ұйымдастырмақ.

Лукашенко «Әлеуметтік тәуелділіктің алдын алу» деп аталатын президенттік декретке осыдан 2 жыл бұрын қол қойған еді. Ресми деректер бойынша республикада билік «арамтамақ» деп есептейтін 500 мыңға жуық адам бар екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде