jasqazaq.kz

Енді тек іргетасы қаланған бойда тұрғын үй кешендерінен пәтерлер ипотекаға берілмейді

13 маусым 2025, 10:30

Тек іргетасы қаланған бойда тұрғын үй кешендерінен пәтерлер ипотекаға берілмейді. Енді барлық сатып алу-сату келісімі тек құрылысы толық аяқталған да ғана жүргізіледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Сенат депутаттары тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысу қызметі бойынша заңнаманы бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатқа енгізілген бірқатар өзгерістерге үңілсек, ипотека алу машақаты біраз күрделене түсетінін аңғаруға болады. Бірақ қатаңдатылған ереже көбіне құрылыс компанияларына қарай бағытталған. Мәселен, үлескерлердің ақшасына бой көтеріп жатқан баспаналардың жарнамасын жасауға, сол пәтер иелерінің рұқсаты болғанда ғана жол беріледі және бұл мақсатқа үлескерлер келісімін берген жағдайда ғана баспана қожайындарының ақшасы жұмсалады.

Үйді алып-сатудағы барлық операция қолма-қол ақшамен емес, банк арқылы жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ, салымшылардан ақша жинаған құрылыс компанияларының түпкілікті мақсаты мен оның орындалу барысын әкімдік тікелей бақылауда ұстайды. Ал ырықтан шығып кеткен құрылыс компанияларына салынатын айыппұл көлемі біршама артқан.

Қуандық Қажкенов, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі: — Осы нормалар үлескердің мәселесін шешуге оң ықпалын тигізеді. Кемінде, үлескердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жерде 2000 АЕК әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің ең жоғары айыппұл мөлшерлемесі екенін анықтап өту қажет және бұл айыппұл солмасы 7 миллион 800 мың теңгеге дейін көтерілді.

Сурет: depositphotos.com
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы