jasqazaq.kz

Енді нотариусқа бармай-ақ сенімхат алуға болады (Видео)

13 сәуiр 2023, 9:12

Бұдан былай сенімхаттың кез келген түрін нотариус кеңсесіне бармай-ақ, онлайн алуға болады. Әділет және цифрлық даму министрліктерінің бірлескен жобасы алдағы уақытта нотариус арқылы көрсетілетін қызметті үйден де алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бұрын сенімхатты рәсімдеу кезінде құжатқа қол қою үшін клиенттің кеңсеге келуі талап етілетін. Енді ол үшін цифрлы қолтаңба мен Егов қосымшасы болса жеткілікті.

Ақмарал Макеева, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы:

— Егов мобайл қосымшасына кіріп және нотариусқа бейнебайланыс арқылы сенімхат рәсімдеуге болады. Яғни бұл сізге де, нотариусқа да өте ыңғайлы. Негізі бұл процеске нотариустар тікелей қатысады. Бейнеқоңырау шалу арқылы нотариуске хабарласасыз. Нотариуспен тікелей бейнебақылау арқылы әңгіме жүргізіледі. Сіздердің міндеттеріңізді, құқықтарыңызды, әрекетке қабілеттіліктеріңізді тексереді.

Жаңа қызмет түрі халыққа да, нотариустарға да қолайлы дейді жоба авторлары. Қызмет онлайн форматқа ауысқанымен, құны сол күйі, заңмен белгіленген мөлшерде. Нотариус ақысын клиент банк қосымшасы арқылы онлайн төлей алады. Ал цифрлы сенімхаттың қағаз нұсқасы кез келген мекемеге жарамды. Күні кеше іске қосылған онлайн қызметті бір күнде 16 адам қолданып үлгерген. Қазақстан нотариат қызметін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі үшінші мемлекет.

Райгүл Мәдиева, нотариус:

— Мұндай онлайн жұмысқа көшу нотариустарды жұмыссыз қалдырмайды. Себебі, осы құжаттарды нотариус өзінің қолтаңбасы арқылы куәландыруы керек. Нотариус қолтаңбасы арқылы куәландырмаса, ондай құжат жарамсыз болып табылады.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі