jasqazaq.kz

Еңбекші ауданында ауыз су құрылысы қарқын алған

26 маусым 2023, 10:52

Еңбекші аудан халқының бүгінде 96,5 пайызы жарықты мемлекеттік трансформаторлардан алады. Ал, қалған 2,5 пайызы жекенің жарығымен отырса, 1 пайызы мүлдем қамтылмаған жаңа құрылыс аумағында тұрады. Осы орайда, Тұрдыабад, Абдуллабад, Еламан, Тоғыс, Бадам, Бадам-1, Маятас, Қарабастау, Айнатас, Оңтүстік тұрғын алабтарының жаңа қоныстарына біріккен жоба жасалып, нәтижесінде, 2321 үй сапалы жарық пайдаланып отыр.

Қаланың өндірістік аумағы болып саналатын Еңбекші ауданында биылғы жылы инфрақұрылым жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер шешімін таппақ. Осы мақсатта ауданның жаңа құрылыс аумағы мен Сайрам ауданынан қала құрамына енген елді мекендерге басымдық берілуде.

Жыл соңына дейін ауданның сапалы электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 99,8%-ға жетеді деп жоспарлануда. Ал, таза ауыз судың деңгейі 94,5 %-ды құрап отыр. Дәл қазіргі таңда, 6 елді мекенде құрылыс жүруде. Олар қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтары. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді.

Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағына ауыз су жеткізу мақсатында құрылыс жұмыстарының біршамасы аяқталып, қазан-қараша айларында толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, көгілдір отын мәселесін толықтай шешу 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген

Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстарының біршамасы аяқталып, қазан-қараша айларында толық аяқталады деп жоспарлануда.

– Жаңа құрылыста тағы бір шешімін күтіп тұрған іс – газ құбырын тарту. Табиғи газбен қамту бойынша жобалық-смета құжаты әзірленіп жатыр. 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізіп, халықты сапалы газбен қамтамасыз етеміз деген сенімдеміз, – дейді аудан әкімі Досбол Есілбек.

Айта кетсек, Еңбекші ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. 200 мыңнан аса тұрғыны бар Еңбекші ауданында орналасқан 283 көп қабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бүгінде 39 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуда. Оның ішінде 26 аулада балалар алаңшасының құрылысы аяқталып, мердігерлерден қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Былтыр 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, 11 жеке секторға кешенді балалар ойын алаңшасы салынған. Биыл 7 кешенді спорт алаңы соғылуда.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі