jasqazaq.kz

Еңбекші ауданында 26 ойын алаңшасының құрылысы аяқталды

27 мамыр 2023, 19:57

Былтыр 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, 11 жеке секторға кешенді балалар ойын алаңшасы салынған.

Мұрат Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. 200 мыңнан аса тұрғыны бар Еңбекші ауданында орналасқан 283 көп қабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бүгінде 39 көп қабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылуда. Оның ішінде 26 аулада балалар алаңшасының құрылысы аяқталып, мердігерлерден қабылдау жұмыстары жүріп жатыр.

Былтыр 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, 11 жеке секторға кешенді балалар ойын алаңшасы салынған. Биыл 7 кешенді спорт алаңы соғылуда.

– Жалпы бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың келісімімен жасалып жатқан іс. Нысандардың құрылыс жұмыстары бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отырмыз. Сонымен қатар, әр алаңшаның техникалық жай-күйіне талдау жасайтын қадағалаушы мамандар тартылған. Олар алаңша басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін сапасын бақылайды, – дейді инфрақұрылым бөлімінің басшысы Еркебұлан Қаратұнов.

Мамандардың сөзінше, аудандағы ойын алаңшаларын қайта жасақтау, аулаларды абаттандыру жұмысы биыл да жалғасады. Айта кетейік, Шымкент қалалық Тұран ауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта Жарқынбеков №17, Бәйдібек би №246, Мангельдин 40, Отырар №52 көп қабатты тұрғын үй аулаларында және Құрсай елді мекеніндегі Құлантөбе, Ұзынағаш көшелерінде, Ақтас және Арғымақ елді мекендерінде құрылыс жұмысы қарқын алды. Бекітілген жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Қазіргі уақытта аудан бойынша 366 ойын алаңшасы бар. 2023 жылдың қорытындысымен, Тұран ауданында барлығы 10 балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции