jasqazaq.kz

Еңбекмин «Қазақмыс» жұмысшыларын тәртіп сақтауға шақырды

19 желтоқсан 2024, 16:14

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» өндірістік бірлестігінің ереуілге шыққан жұмысшылар еңбек заңнамасының нормаларын бұзғанын мәлімдеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Министрлік компания жұмыскерлерін өз жұмыстарын қайта бастауға шақырды және олардың жұмыс берушіге қойылатын талаптарын белгіленген тәртіппен талқылауды ұсынды. Министрлік хабарламасында: «Осы жылғы 17-18 желтоқсанында «Жезқазғантүстімет» ӨБ бірнеше шахтасының жұмыскерлері жалақыны көтеру талабымен жұмысты тоқтатты. Жұмыскерлердің бұл әрекеттері еңбек заңнамасында көзделгендей талаптарды ұсыну тәртібін және оларды жұмыс берушінің қарау ретін бұза отырып жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес қолданыстағы тәртіп: осы талаптарды жұмыс берушіге ресми жолдауды, оларды жұмыс берушімен қаралуын, ал оны шешу мүмкін болмаған жағдайда татуластыру комиссиясында қарастыруды көздейді.
Жұмыскерлердің талаптарын қараудың аталған тәртібі өндірістік процесті тоқтата тұруды көздемейді. Заңнамада белгіленген тәртіпті сақтамау тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Еңбекмині тараптарды татуластыру комиссиясы шеңберінде және тек құқық аясында татуластыру рәсімдерін жүргізуге және жұмысқа қайта кірісуге шақырады», — делінген.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде