
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесіп, интернет-платформамен қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыра бастады.
Жобаның интернет-платформалар арқылы жұмыспен қамтылғандарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне тартуды көздейді. Сондай интернет-платформаның бірі – «Яндекс.Такси». Онымен тиісті келісімге қол қойылған.
«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады. Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет.
Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі.
Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді.
Интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.
Осы тетіктерді іске асыру мақсатында қазіргі уақытта «Яндекс.Такси» және қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кіріс комитетінің ақпараттық жүйесін техникалық интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіруден өту жолымен «Яндекс.Такси» мобильді қосымшасында тіркелу рәсімін жеңілдету жоспарланды.
Пилоттық жобаның толық іске қосылуы 2023 жылдың 1 шілдесінен басталады.
JQ-Aqparat