jasqazaq.kz

Еңбек даулары бар кәсіпорын саны 259-дан 109-ға төмендеді

19 сәуiр 2023, 11:27

Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов: «Бүгінгі таңда 109 кәсіпорын еңбек даулары жөніндегі мониторингте тұр. Былтыр бұл сан 259 болған», — деді.
Сондай-ақ вице-премьер шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған шаралар туралы айтып өтті: «Шағын және орта бизнес субьектілері жыл сайын 15 мың жаң ажұмыс орындарын құратын болады. Оған қоса «Бәйтерек» холдингі арқылы 42 мың және Еңбек министрлігі арқылы жастарға 6 мыңға жуық жеңілдетілген шағын несиелер берілуде. Тұтастай алғанда 300 млрд теңгеге 70 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік нысанына несие беріледі».
Алтай Көлгінов биыл жәрдемақылар қалай, қаншаға өсетініне тоқталды.
«Жыл басынан бері мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған 900 мыңға жуық адам алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 8,5% өсті. Ал бірінші шілдеден бастап сіздің (Президенттің – ред.) тапсырмаңыз бойынша бұл төлемдер тағы 14,5% өседі. Сонда биыл жылдық өсім 23% болады», — деді Алтай Көлгінов.
Оның айтуынша, жыл басынан бері 1 млн 200 мың адамның айлығы 30 пайызға өскен.
«Бірінші қыркүйектен бастап 380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 20%, колледждерде 50% артады. Мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік шаралары 4 400 мың қазақстандыққа әсер етті. Сіздің бастамаңыз бойынша депозиттерге 10 пайыз өтемақы төлеу шарасының аясында наурыз айында 2 млн 600 мың салымшыға 307 млрд теңге төленді», — деді вице-премьер.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура